Такая Life

    «Жетінші арнада» әзіл-қалжыңға толы, жастарға арналған «Такая Life» сериалы эфирге шығарылмақ. Бұл - махаббат, рухани құндылықтар, мансапқорлық, қарым-қатынас және жалпы өмір жайлы пікірлері әртүрлі болса да, қызық қуып, көңіл көтеру жағынан ұстанымдары жақын төрт дос туралы хикая. Бәрі шынайы, ашық әрі еш боямасыз! Бұл сериалдан кез келген көрермен өз прототипін таба алады. Сериал қаһармандары өмірде кездесетін барлық қиындықтарды жылдам әрі оңай шешеді және қандай жағдайға тап болса да, бір-бірін демеп, қолдап жүреді. Лачо-астаналық жігіт, депутаттың баласы, Алматыда тұрады, Алматыны жастықтың думанды қаласы деп санайды! Жора - қатал оқытушы, футболды жанындай жақсы көреді, Манчестер Юнайтед командасының белсенді жанкүйері. Бірақ Жораның бір кемшілігі бар, ол - ойынқұмар, үнемі бәс тігіп, орынсыз жерде қыруар ақша жұмсайды. Мультик - Алматыда туып-өскен, ештеңеге басын ауыртпайтын, жалқау жігіт. Қазіргі заманның тілімен айтқанда «өзін-өзі тануға тырысып жүрген, пысықай сері». Батон - Жетісайдан келген жігіт. Өзін мықты бизнесмен әрі мейрамхана саласының падишасы санайды, өйткені әкесі оған лағманхана сатып әперген.

    (Русский) Cвежие выпуски

    (Русский) Фото проекта